«Бір апта ішінде «Қазпошта» АҚ-ның басшылық құрамы басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің басқаруымен қызмет көрсетуші оператор, пошташы және т.б. қатардағы қызметкер ретінде бөлімшелерде жұмыс істеп проблемалы аймақтарды анықтау үшін пошта бөлімшелеріне барады», — делінген пошталық оператор хабарламасында.
Б.Мусин мәлімдегендей, пошта бөлімшелерінде жұмыстың алғашқы күнінде кейбір проблемалы аймақтар мен оларды шешу жолдары анықталған.
«Әріптестерімде қандай да бір жұмыс үрдісін қалай автоматтандыру және операторлардың күнделікті міндетін жеңілдету жөнінде, сервисті жақсарту және клиенттерге қызмет көрсетуді ыңғайлы ету үшін не істеуге болатыны туралы көптеген идеялар туындады», — дейді ол.
Бұл жоба ақпарат алмасып, пошта бөлімшелерінің желісін дамыту жоспарына оны шоғырландыру үшін «Қазпошта» директорларының кеңесімен аяқталады.