Мұрат Жұманбай, ҚР Қаржы полициясының ресми өкілі:
— Оған 2006 жылы «Транстелеком» АҚ бірінші вице-президенті болған кезінде, өз қызметтік уәкілеттігін теріс пайдаланып, «КТ&Т» ЖШС-мен консорциалдық келісім-шартқа заңсыз қол қойып, мемлекетке 4,1 млрд. теңге залал келтірген деп күдік тағылуда.
Әбдірахманов осылайша жалған құжаттар арқылы қыруар пайда таппақ болған. Жауап үшін шақырылған күдікті тура қаржы полициясының ғимаратында қамауға алынған екен. Ал компаниялар арасындағы келісім-шартты Жоғарғы Соты заңсыз жасалған деп тауып, күшін жойды. Енді оңай жерден олжаға кенелмек болған шенеунікке қатысты іс қозғалып, 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.