"Қазтеміртранс" вагондарды жалға беру тарифтерін 45,5% пайызға көтеру жөнінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне өтінім берді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазтеміртранс" вагондарды жалға беру тарифтерін 45,5% пайызға көтеру жөнінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне өтінім берді

"Қазтеміртранс" вагондарды жалға беру тарифтерін 45,5% пайызға көтеру жөнінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне өтінім берді

Астана. 15 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі уақытта Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап "Қазтеміртранс" акционерлік қоғамының вагондарды жалға беру тарифтерін 45,5% пайызға; "Локомотив" акционерлік қоғамының локомотив тарифтерін 24,15% пайызға көтеру жөнінде өтінімдері қарастырылуда, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 18 Наурыз 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылғы 21 ақпанда бұл мәселе Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Басқарма кеңесінің күн тәртібіне шығарылды, оның қорытындысы бойынша магистральді темір жол желісі тарифтерін 1 сәуірден бастап 8,9 пайызға көтеру туралы шешім қабылданды. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұйрығына қол қойылды.

Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсырмасы бойынша ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жанынан темір жол саласында тарифтік және инвестициялық саясатты жетілдіру жөнінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Жұмыс тобы темір жол саласы объектілерінің тозуын ескере отырып, темір жол саласына орта мерзімді (5 жылға) инвестициялық бағдарлама қажет деп шешті. Салаға бөлінетін инвестиция көлемі 887 млрд. теңгені құрайды.

Бағдарлама бойынша, 2012 жылға дейін магистральды темір жол желісіне 379,2 млрд.теңге, локомотив шаруашылығына — 254,2 млрд.теңге, вагон шаруашылығына — 254,5 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр.

Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін тарифтерді өзіндік құны деңгейіне дейін көтеру мәселесі қаралды. Бұл тарифтерді жыл сайын 15 пайызға дейін көтеруді қажеттігін білдіреді. Ол үшін 2009-2012 жылдары магистральді темір жол желісі тарифтерін жыл сайын 10% пайызға; вагондарды пайдаланғаны үшін 2008-2009 жылдары 46% пайызға, 2010 жылы — 50% пайызға, 2011-2012 жылдары 40% пайызға; локомотив тартымы қызметтері тарифтерін жыл сайын 24% пайызға көтеру қажет.

Бұл ретте тарифтердің көтерілуі, негізінен, халықаралық қатынастарда ғана болады (экспорт және импорт). Ал, көмір мен астық тасымалдау кезінде тарифтер көтерілмейді. Тарифтердің көтерілуі 4 105 км магистралді темір жол желісін сауықтыруға, 700-ден астам локомотив және 33 400 жүк вагондарын сатып алуға мүмкіндік береді.

Ведомствоаралық топ ұсынған дағдарыстан шығу жолдары ҚР үкіметінің 2008 жылы 29 қаңтардағы отырысында қарастырылып, қолдау тапты.

Қазіргі уақытта осы шешімдер жүзеге асырылу үстінде. Дәлірек айтқанда, Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне көмір мен астық тасымалдаудан басқа барлық жүктерге магистральді темір жол желісі тарифтерін 10 % көтеру жөнінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінім жіберілді.

Сонымен қатар, ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес, 2008 жылы 6 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде осы өтінім арнайы қарастырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті