Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
«6 қарашадан бастап акцияға жазылу басталады. Сол уақыттан бастап Қазақстанда брокерлік шотыңыз ашық болса, тиісті көлемде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алуға брокерге тапсырма беру мүмкіндігі ашылады»,-деді Қ. Бишімбаев.
Оның сөзіне қарағанда, 1 айдың ішінде акция алуға жазылу жүреді. Содан кейін 14 желтоқсанға дейін есептеулер жүргізіледі.
Айта кетейік, кеше, 29 қазанда бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында қордың директорлар кеңесінің отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының құны, көлемі және орналастыру құрылымы бекітілді. Компанияның қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңгені құрайды.