«ҚазТрансОйл» дивидендтері кем дегенде компанияның 40 пайыз таза пайдасын құрайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазТрансОйл» дивидендтері кем дегенде компанияның 40 пайыз таза пайдасын құрайтын болады

«ҚазТрансОйл» дивидендтері кем дегенде компанияның 40 пайыз таза пайдасын құрайтын болады

"ҚазТрансОйл" дивидендтерінің көлемі кем дегенде компанияның 40% таза пайдасын құрайтын болады.

  • 6 Қараша 2012
  • 351
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

«Біз дивидендтік саясатты өзгерттік. Енді компанияның кем дегенде 40%-ы дивидендтерді өтеуге бағытталады»,-дейді Қ.Қабылдин. «Бұл көрсеткіш қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасында орналастырылған компаниялардың арасында ең жоғары болып отыр»,- дейді ол.

Бұрын хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 40 млн дана көлемінде қарапайым акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл компания акцияларының жалпы сананың 10% құрайды. Акцияларға жазылу 6 қарашадан 5 желтоқсанға дейін жалғасатын болады.

Қ.Қабылдиннің айтуынша, инвесторлар ішінен басымдық жеке салымшыларға беріледі, яғни ҚР азаматтарына, содан соң зейнетақы жинақтаушы қорлардың өтініштері қанағаттандырылады. Сонымен қатар, бір адам 7 000 000 теңгеден аспайтын сомаға КТО акциясын сатып алатындай шектеу қойылған.

ҚТО бір қарапайым акциясының құны 725 теңгені құрайды. Ол UBS және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ кеңесшілірінің кеңестері негізінде құралған.