Шенеунікке қатысты дау Ақтөбедегі балалар ауруханасы құрылысы аяқталасымен-ақ басталды. Себебі, тендерді жеңіп алған мердігерге жеңілдік жасап, құрылысқа қолданылған материалдарды екі есе қымбат бағамен бекітіп берген. Осылай бір нысанның өзінен бюджетке 200 млн теңгедей шығын келтіріпті. Тіпті Елек өзінін тазартатын қондырғыны жаңарту кезінде де ескі құбыр салынғандығына көз жұма қараған. Ең қызығы екі құрылыстың тендерін жеңіп алған мердігер компанияның басшылары былықтар әшкере болған кезде-ақ шетелге тайып тұрды. Олар шенеуніктермен ауыз жаласып, тоғыз адамнан тұратын топ құрып, әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінген ақшаны үптеп кетіп отырған. Бес жоба бойынша олардың қалтаға басқан қаржысының көлемі 16 миллиард теңгеден асады. Қазір шенеунік пен шетел асқан құрылысшылардың жалпы қанша ақшаны ысырап еткендігі есептеліп жатыр.