"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев

"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" ТДҚ" АҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жеңілдетілген шартпен 10 млрд теңге бөледі. Бұл туралы "Қазына" ТДҚ" басқармаларының төрағасы Арман Дунаев үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен екінші деңгейлі үш банк қана өңірлерде шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қатысады, соған қарамастан, біз «Қазынаның» өз аясы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Даму» қоры аясында шешім қабылдап, жұмысты бастап жібердік, барлық қажетті нормативтік құжаттарды бекіттік, шағын және орта бизнестегі заңды тұлғалардың өңдеу өнеркәсібіндегі және транспорт саласындағы пайдасы мол инвестициялық жобаларын Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы деңгейіндегі жеңілдетілген өсіммен қаржыландыру үшін тікелей несиелендіру бағдарламаларын бекіттік», — деді А. Дунаев.

«Бұл мақсаттарға біз 10 млрд теңге бөлеміз», — деді «Қазына» басшысы.

Бұл шарттарды «Даму» қорының директорларының кеңесі де бекіткен. «Жуырда біз осы бағдарлама аясына жататын жобаларды қарай бастаймыз», — деді А. Дунаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар