ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлейді

ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлейді

Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлейді.

  • 4 Қыркүйек 2013
  • 424
Фото - Caravan.kz

Кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия бойынша турнесін бастады.

Си Цзиньпин 6-8 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Оның Қазақстанға сапары аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми келіссөздері, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрімен және ҚР Парламенті Сенатының төрағасымен кездесулері өтеді.

Сонымен қатар, Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде маңызды сөз сөйлемек және бұдан бұрын Қытайдың сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин хабарлағандай, Қытайдың жаңа Үкіметінің Орталық Азиядағы сыртқы саясатын жарияламақ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР жаңа басшысы Си Цзиньпин 3-13 қыркүйек аралығында Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде мемлекеттік сапарда болады.