«Әбілқасымов есепте тұрған Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті оны коммунистік партияның қатарынан шығару процедурасын бастады»,- деді А. Холодков.
А. Холодков, мұндай шешім 13-тамызда республикалық телеарналардың бірінен Е. Әбілқасымовтың сайлаушыларды «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырғандығына жауап ретінде қабылданып отырғандығын түсіндіріп өтті. «Біз оның бұл қылығын әдейі жасалған сатқындық ретінде бағалаймыз»,- деп мәлім етті ол.
Сонымен қатар, «сайлау науқаны басталғаннан бері ол (Әбілқасымов) сайлаушылармен бір де бір рет кездесу өткізбеген, партия тапсырмаларының біреуі де орындалмаған»,- деді Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті