Жарияланды: 540

Қоғамның атсалысуынсыз жемқорлықты жеңу мүмкін емес - Оралбай Әбдікәрімов

Қоғамның жаппай атсалысуынсыз, ашық және жария күрессіз сыбайлас жемқорлықты жеңу мүмкін емес.

Таразда өткен аумақтық семинарда Сенат депутаты, Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов осылай деді. Оның айтуынша, жемқорлықпен күрес туралы заңның жаңа редакциясында заманауи үдерістер көрініс тапқалы отыр. «Атап айтқанда, қарамағындағы адамдардың жемқорлық фактілері анықталған жағдайда, мемлекеттік кәсіпорын мен ұйым басшыларының да отставкаға кету ықтималдығының шарттары көрсетілетін болады», - деді О.Әбдікәрімов өз сөзінде. Депутаттың пайымдауынша, мұндай шара мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен тәртібін арттыруға сеп болады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарына партиялық бақылауды ұйымдастыру мәселесіне арналған семинар «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалында өткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть