Қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен

Қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кеткен

Атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз.

  • 10 Қыркүйек 2021
  • 91
Фото - Caravan.kz

Осылай деп Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары арнамызға шағымданды. Айтуларынша жалданып қой бағатын 45 жастағы ағасы 23 тамызда жоғалып кетіпті. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан. Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған. Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған. Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмаған. Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.

Бұл туралы
«Еуразия» бірінші арнасы
хабарлайды.

НҰРЛАН НИЯЗОВ, МАРҚҰМНЫҢ БАУЫРЫ: «Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін.  Полицейлеп өз нелерімен жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ».

Соңғы жаңалықтар