«Егер біз Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 8-бабын алып қарайтын болсақ, онда кодекстің міндеттері қылмысты тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеп, қылмыстық жазаға тарту, тек содан кейін ғана — әділ сот талқылаулары мен қылмыстық заңдарды дұрыс қолдану болып табылады, деп айтылғандығын көреміз. Яғни, бірінші орында — қылмысты тез ашу, кінәліні табу және оны жауапқа тарту»,- деп түсіндіріп өтті І. Бақтыбаев.
«Меніңше, біздің кодексімізде негізінен айыптау салмағы басым деп п санаймын… Бұл жерде адамның, бірінші кезекте — зардап шегушінің құқығы туралы еш сөз қозғалмаған»,- деп қосты ол. Оның пайымдауынша, «біз ең бастысы — адам құқығын, зардап шегушінің, жәбірленушінің құқығын қорғау, оның құқығын қалпына келтіру, сонымен қатар айыпталып отырған адамның құқығын да бұзбау дейміз, онлай болса, «осыған сәйкес, тергеу мен әділетьтілік орнату міндеттерін реттейтін заң актілерін қайта қарау» қажет». Осыған байланысты ол, көрші Ресейдің Қылмыстық-процессуалдық кодексі айыптауға салмақ салудан бас тартқанын» атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті