«Қолы сынып, үсті-басы қан-жоса болған»: Теміртауда туған әкесінің қолынан тағы бір бүлдіршін азапталып, өлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қолы сынып, үсті-басы қан-жоса болған»: Теміртауда туған әкесінің қолынан тағы бір бүлдіршін азапталып, өлді

«Қолы сынып, үсті-басы қан-жоса болған»: Теміртауда туған әкесінің қолынан тағы бір бүлдіршін азапталып, өлді

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған әкесінің қолынан тағы бір бүлдіршін шейіт болды.

  • 28 Наурыз 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Екі жасар Евгенийдің өліміне қатысты Патриот Telegram-арнасы тың деректерді мәлім етті, деп хабарлайды Caravan.kz.

Естеріңізде болса, бұған дейін БАҚ беттерінде баланы оның анасының азаматтық некедегі күйеуі өлтірді деген хабар тараған еді. Алайда шын мәнісінде сәби өзінің туған әкесінің қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Сонымен бірге тәртіп сақшылары күдіктіні ұстаған кезде, оның өз қолын өзі кескенін, осылайша өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталған.

«Мен Қарағандыда екі күн жұмыста болдым. Аспазбын. Сенбі және жексенбі күндері және мереке күндері жұмыс істеймін. Наурыз күндері мені жұмысқа шақырды. Қарағандыда болғанда, мен балама видеомен қоңырау шалдым, ол кезде балам аман болатын. Бұл 21 күні болды. Бұдан кейін мен баламды көріп, естіген жоқпын. Мүмкін қайғылы жағдай 21-інен 22-сіне қараған түні болған шығар. 22 күні күйеуім ұлыммен саябаққа барғанын, күнімен бірге болғандарын айтты. Мен онымен сөйлескім келді, бірақ ол Евгенийді ұйықтап қалды деп айтты. Сосын ол баланың ойнап отырған видеосын жіберді, сөйтсем ол ескі видео екен. 23 күні мен Теміртауға келдім. Қоңырау шалып, не істеп жатқандарын сұрадым. Ол тағы да өтірік айтып, мультфильм көріп отырғандарын айтты. Бірақ сол кезде балам шетінеп кеткен екен. Сосын мен дүкенге барып келемін, кілтті тастап кетесің ғой деп едім, не оны әкеліп бермеді. Сөйтіп дүкеннен келген соң, үйдің есігін қақтым, ешкім ашпайды. Сосын тағы қоңырау шалып, ұлым қайда деп едім, ол: «Бала үйде, мен қазір биік ғимараттан құлап түсемін» деді. Үйге кіре бергенім сол еді, баламның үсті-басы қан-жоса болып жатқанын көрдім, тіпті үстіндегі қан ұйып қалғанын байқадым. Демек ол Женяны 23 наурызда емес, оның алдында өлтірген. Ұлымның қолы да сынғанын көрдім. Полиция оны іздеді, сөйтіп ол бұталардың арасынан шығып, өзі полицияға берілді. Екі қолын тіліп тастаған. Тергеу барысында күйеуім не себепті баламды өлтіргеніне нақты жауап бере алмады. Өтірік ақымақ болып отырды», — дейді сәбидің анасы. 

Айта кетейік, бұл соңғы аптада туған әкелерінің қаза тапқан балалардың алғашқы оқиғасы емес. Күні кеше Ақтауда үш бірдей баласын балталап өлтірген ер адам ұсталған еді. БАҚ беттеріндегі мәліметке сәйкес, күдікті өзге діннің жетегіндегі азамат болған.


Соңғы жаңалықтар