Жарияланды: 490

ҚОҚМ басшысы мұнай компанияларын бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге инвестиция салуға шақырды

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім мұнай компанияларын бекіре тұқымдас балықтарды өсіруге инвестиция салуға шақырды.

«Бекіре үйірінің шығынын толтыру үшін мұнай компаниялары балық өсіруге, уылдырық шашытын жерлерін мелиорациялауға және олардың миграциялдау жолдарын тазартуға қаражат салулары тиіс», - деді министр бейсенбі күні Каспийді дамытуға арналған конференция барысында. Оның айтуынша, 1975-ші жылмен салыстырғанда бекіре тұқымдас балықтарды аулау 20 есеге азайып, 0,5 тоннаға дейін түскен. Оның негізгі себебі бекіре тұқымдастардың Еділдегі уылдырық шашатын жерлерден айрылуы болып отыр. Н. Әшімнің айтуынша, қазіргі уақытта табиғи уылдырық шашатын жерлер тек Жайық өзенінде ғана қалып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін