Жарияланды: 20

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта өсті. 

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,26 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 462,79 теңге.

Ұлттық банктің 16 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,55 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,19 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 464,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 466,9 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу құны– 466,5 теңге.

Ресей рублі 5,13 – 5, 31 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін