Жарияланды: 30

Қор стипендиаты Аманжол Әбдірахманов: Емделіп шыққан әрбір пациент - бұл жеңіс

Қор стипендиаты Аманжол Әбдірахманов: Емделіп шыққан әрбір пациент - бұл жеңіс

«Мен әлемді біршама жақсарта аламын және әрбір емделіп шыққан пациент – бұл жеңіс» - Қарағанды медицина университетінің резидентура студенті, жалпы практика дәрігері Аманжол Әбдірахманов әр күнін осындай оймен бастайтынын айтты.

Аманжол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі 2019» жобасының қатысушысы. «2018 жылдың үздік студенті» төсбелгісімен марапатталған, «Жас Қыран» кітабына енген. «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингінің патриципанты болған және «Елбасының бес институционалдық реформасы» курсынан өткен, сол үшін ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директорынан атаулы сертификат алған.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы стипендиясының екі дүркін иегері. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры стипендиясының үш мәрте иегері, 2017-2018 және 2019-2020 жж. жаңа оқу жылында Аманжол тағы да қор стипендиаты атанды.

Ол белсенді ғылыми қайраткер, мақалалардың авторы, ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушысы, бірнеше рет халықаралық ғылыми конференцияларда сөз сөйледі, оның еңбектері қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген.

Аманжол – «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Сенатының мүшесі. 2020 жылы «Паллиативтік көмек және ауруға қарсы терапия қағидаттары» циклі бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік алды. Аманжол Әбдірахманов өз білімін жетілдіріп қана қоймай, Қарағанды қаласының медициналық-техникалық колледжі студенттерінің тәлімгері бола отырып, өз тәжірибесімен де бөліседі.

Пандемия кезінде Аманжол көптеген әріптестері сияқты COVID-19-ға қарсы күресте жанқиярлықпен еңбек етті және Қарағанды облысының әкімі атынан Алғыс хатпен марапатталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы Аманжол үшін жауапкершілік қана емес, сондай-ақ өз еңбегімен, Отанға деген сүйіспеншілігімен және ішкі әлеуеттін тұрақты дамыту арқылы ақталатын сенім.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін