Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен әскери ведомство басшысы 7 мамыр күні «Отар» 40-шы әскери базасы аумағында әскери парад өткізу мәселесін талқылады. «Әскери қызметтің имиджі мен беделін арттыру мақсатында Тараз қаласы қорғаныс істері басқармасы «Отанға қызмет — абыройлы міндет!» акциясын өткізді», — дейді Жамбыл облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері. Еске сала кетсек, 2013 жылы «Отар» 40-шы әскери базасында Қазақстан Қарулы Күштері тарихында алғаш рет әскери парад өткен болатын. Шараға Қазақстан Президенті — ҚР Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан.
Оқи отырыңыз: