Қордайдағы төбелес: Тоқаев лауазымы жоғары екі тұлғаны және екі тәртіп сақшысын қызметінен босатуды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қордайдағы төбелес: Тоқаев лауазымы жоғары екі тұлғаны және екі тәртіп сақшысын қызметінен босатуды тапсырды

Қордайдағы төбелес: Тоқаев лауазымы жоғары екі тұлғаны және екі тәртіп сақшысын қызметінен босатуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартуды тапсырды.

  • 10 Ақпан 2020
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы ҚР ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар