Жарияланды: 40

Қорғас бекетінде жылаған еркекке қатысты полиция түсінік берді

Қорғас бекетінде жылаған еркекке қатысты полиция түсінік берді Сурет - Видеодан алынды

Оған айыппұл салынды.

Облыстық полиция департаменті желіде тараған видеода жерде жатып, жылаған еркектің оқиғасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Факт "Қорғас" ШХЫО да болды. Видеодағы ер адам ішімдікке удай мас Панфилов ауданының 40 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құқық бұзушыға мас күйінде қоғамдық орында көрінгені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Алматы облыстық ДП баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде алдында жерде қан болып, жылап жатқан ер адамның видеосы тараған болатын. Куәгерлер еденде жатқан адамның бала кезінен мүгедек екенін айтқан. Кеден қызметкерлері тауарларын алып қойғанда, ол еденге құлап, жылай бастаған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін