Қорғаушылар өздерінің қорғауындағылардың құқын қорғау мүмкіндігінен айрылған - Қазақстанның адвокаттар кеңесі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қорғаушылар өздерінің қорғауындағылардың құқын қорғау мүмкіндігінен айрылған - Қазақстанның адвокаттар кеңесі

Қорғаушылар өздерінің қорғауындағылардың құқын қорғау мүмкіндігінен айрылған - Қазақстанның адвокаттар кеңесі

Алматы. 17 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қорғаушылар өздерінің қорғауындағылардың құқын қорғау мүмкіндігінен айрылған. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның адвокаттар кеңесінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Наурыз 2008
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Қорғаушылардың өкілеттігі азаматтардың құқын қорғауды жүзеге асыру мен білікті заңдық көмек алу құқын қамтамасыз етуге қажетті деңгейден алыс», — деді Қазақстанның адвокаттар кеңесінің төралқа мүшесі, қорғаушы Данияр Қанафин.

Оның айтуынша, құқық қорғау тәжірибесі мен қазіргі заңның көптеген шығын әкелуі себепті қорғаушылардың өздерінің қорғалушыларының құқын шын мәнінде қорғау мүмкіндігі жоқ.

Атап айтқанда, ол қорғаушылардың шағымдары мен өтініштерінің көпшілігі, әсіресе, олар қағидалық сипатта болып және қылмыстық істі қарау кезінде орын алған заң бұзушылықтарды тікелей көрсетіп тұрса, жөнді қаралмайды немесе қылмыстық істі жүргізіп отырған орган осыған формалдық жауаппен шектеледі».

Мысал ретінде ол қазір өзі қатысып отырған істі келтірді. «Қорғау жағы дәлелді 25 өтініш түсірді. Олардың бесеуіне ғана сот жағы заңмен бекітілген қалыпты жауабын берді. Қалғандарының барлығына да еш дәлел көрсетілместен қабылданбады». «Қорғаушылардың тіпті өз қорғалушыларымен сөйлесуі шектелген. Бізді тергеуші тергеу изоляторына кіргізіп, қорғалушымен сөйлесуіміз үшін тергеушінің атына арыз жазуға мәжбүрміз. Тергеу изоляторына кірер кезде намысымызды таптайтын тексеруге ұшыраймыз. Кейде бұл тексеру кәсіби заңгерді қорлайтындай сипатқа дейін жетеді», — деді Д. Қанафин.

Ол сондай-ақ, адвокаттардың сенім білдірушімен болатын әңгімелері шын мәнінде жасырын сипатта өтетініне, ол әңгіменің қылмыстық істі жүргізіп отырған орган тарапынан тыңдалмай отырғанына сенімді бола бермейтінін жеткізді. Мұндай жағдайда толық көлемде қорғау жүзеге асырылды деп айту мүмкін емес.

Сонымен бірге, Д. Қанафин қылмыстық сот өндірісінде дәлелдеу стандарттарын азайту үрдісі байқалғанын атап көрсетті. «Алдын ала тергеу органдары тіпті кеңестік кезеңнің өзінде жеткілікті сенімділік тудырмауы және заңдылықтың күдікті болуы себепті пайдаланылмаған әдістерге көше бастады».

Атап айтқанда, оның айтуынша, сарапшылар қорытындысының орынына мамандардың қорытындысы жиі пайдаланыла бастаған. Яғни, тиісті кәсіби біліктілігі, сарапшы дәрежесі жоқ адамдар арнайы лицензиясы бар және өзінің ғылыми біліктілігін дәлелдеген тұлға ретіндегі тек сарапшы жұмысына жатуы тиіс мәселелерді шешіп жатады.

Баспасөз мәслихатына қатысушылар соттағы тараптардың теңсізігі проблемасына тоқталды. Қазақстанның адвокаттар кеңесінің төралқа мүшесі, қорғаушы Сәлімжан Мусин қазіргі заңнаманы сараптамадан өткізе отырып тараптардың өкілеттігі тіпті де алшақ деген қорытындыға келуге болатынына назар аударды.

Ол қорғаушы жағы сотта тек сипаттама ұсынуына болатынын атап көрсетті. «Заңмен қарастырылғандай, дәлелдерді тек айыптау жағы ғана ұсына алады. Яғни, сұрақ қою, сараптама жүргізу — мұның барлығына біз тек қана өтініш жолдау аламыз. Бұдан шығатыны біз алдын ала тең емес жағдайға қойылғанбыз. Біздің нақты механизмдеріміз жоқ. Біз тек қана тергеушіден қандай да бір тұлғадан жауап алуын, қандай да бір дәлелдерді ұсынуды өтіне аламыз», — деп түсіндірді қорғаушы.

Оның айтуынша, Адвокаттар кеңесінің өкілдері қорғаушы жағының құқын кеңейту туралы заңнама жасап және өз өзгерістерін ұсынған бірнеше жұмыс топтарына қатысқан. «Біз артық еш нәрсе сұрап отырған жоқпыз. Біздің қалайтынымыз айыптау жағында бар құқықтардың бізде де болуы», — деп сөзін аяқтады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті