Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестігіміз тереңдей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестігіміз тереңдей бастады

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы әріптестігіміз тереңдей бастады

Бүгін Астанада «Жасыл көпір» бағдарламасы бойынша өтіп жатқан халықаралық конференцияда Испания Корольдігінің Премьер-Министрі Мариано Рахой

  • 30 Қыркүйек 2013
  • 598
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мен Испанияның қоршаған ортаны қорғау секторындағы әріптестік қарым-қатынастары туралы атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан қарыштап дамып келеді. Біздің компанияларымыз қоршаған ортаны қорғау секторы бойынша жақсы дамып келе жатқандықтан, екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынаста осы фактор алдыңғы орында тұр. Олар (компаниялар — автор) алдыңғы қатарлы технологияларды алдымен өз елімізге енгізіп, сосын әлемге тарата бастады. Әсіресе, қала қоқыстарын өңдеу саласында әріптестігіміз қызу жүріп жатқан Қазақстан сондай елдердің қатарына кіріп отыр», — деді Мариано Рахой.

Премьердің мәліметінше, Испанияның Қазақстанға жасаған экспорты соңғы 3 жылда едәуір өскен. 2011 жылы екі есе көбейсе, 2012 жылы 68 пайызға жеткен. Ал 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында аталмыш көрсеткіш 209 млн. еуроға жетіп, 2012 жылғы көрсеткіштен асып түскен.