Қостанай облысында 3,9 млн. тонна астық жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында 3,9 млн. тонна астық жиналды

Қостанай облысында 3,9 млн. тонна астық жиналды

Бүгін, 6-қазанда Қостанай облыстық ауылшаруашылығы және азық-түлік департаменті аймақтағы орақ науқанының аяқталғандығы жөнінде ресми хабарлама таратты.

  • 6 Қазан 2003
  • 349
Фото - Caravan.kz

Департамент мәліметіне сәйкес, 2998,6 мың гектар алқапта астық жиналды. Бір гектардан орта есеппен 13 центнер түсім жиналу нәтижесінде жалпы алғанда 3 млн. 898 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Бастырылған астықтың 80 проценті 3 классты сапалық көрсеткішке сәйкес.

Сондай-ақ, облыстағы барлық шаруашылықтар тұқым дайындау жұмысын тәмамдады. Аймақтағы тұқым қоры 438400 тоннаға жетті.
Қазір облыстағы егістік алқаптарында қыс қарсаңындағы топырақ өңдеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар