Жарияланды: 460

Қостанай облысында алғашқы қатқақ салдарынан үй-күйсіз қаңғыбас жандар зардап шекті

4-қарашадағы жалғыз тәулік ішінде қалалық мәйітханаға Қостанайдың әртүрлі бірнеше ауданынан 4 адамның мүрдесі жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәрігерлік сарапшы мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша бұл адамдардың үсіп өлгендігі анықталып отыр. Дәрігерлердің айтуынша, алғашқы суық ұрған кезде белгілі бір мекен-тұрағы мен жұмысы жоқ жандардың зардап шегетіні дәстүрге айналды. Қалалық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымовтың айтуына қарағанда суықпен бірге үсікке байланысты ауруханаға түсетін науқастардың басым бөлігін баспанасыз қаңғыбастар иемденеді. "Көп жағдайда мұндай жандардың өмірін сақтап қалу үшін қол-аяғын кесуге тура келеді",- дейді дәрігер. Жыл басынан бері Қостанай көшелері мен жертөлелерінен қалалық мәйітханаға 150-ден астам үй-күйсіз жанның мәйіті жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін