Негізгі дән өсіруші аймақтардың бірі — Қостанай облысында ауа райына байланысты астық жинау қарқыны азаймақ, деп облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жер шаруашылығы және ілгерілемелі технологиялар бөлімінің басшысы Сәлімжан Есенаманов мәлімдеді.
"2012 жылы астық жинау науқаны 19 қыркүйекте аяқталған. Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының тек 60%-ы бастырылды. Бұған астықтың ылғал болуы себеп. Тамыз айында жауын-шашын көп болуынан арам шөп қаптап кетті. Қазір де ауа ылғалды, астық кеппей жатыр. Ал кеппеген дәнді диірменде тартпайды. Болжам бойынша, астық терімінің қарқыны азая түспек», — деді.
С.Есенаманов облыс бойынша астықтың орташа түсімі 10 ц/га болмақ.
2012 жылы аймақта 3,9 млн га жерге бидай егілген, орташа түсім 6,5 ц/га, жалпы түсім — 2,8 млн тонн астық.
2013 жылы Қостанай облысында 3,9 млн га жерге бидай егілді.