Қостанай облысында есірткі өткізумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында есірткі өткізумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Қостанай облысында есірткі өткізумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Қостанай облысында полицейлер героин өткізумен айналысқан ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.

  • 6 Тамыз 2015
  • 445
Фото - Caravan.kz

Олар 4 тамызда Рудный қаласында бірнеше сағатқа жалға алған пәтерлерінде «Көкнәр-2015» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталған, деп хабарлады Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

— Бұл кезде 35 жастағы ерлі-зайыпты екеуі героинді өлшеп, бөлшектерге бөліп жатқан. Полицейлер пәтерден таразы, жіп, полиэтилен пакеттерін тапты, — деді Қостанай облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел қызметкері полиция капитаны Айгүл Ерәділова.

Бөлшектеп бөлінген героинді әйел іш киіміне жасырған. Барлығы 136 орам тәркіленді. Сонымен қатар 40 мың теңгеден астам ақша тәркіленді.


Тергеу кезінде ерлі-зайыптылардың есірткіні пайдаланатыны және Рудный қаласында оны сатумен айналысатыны белгілі болды. Қазір олар Рудный ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды.
Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтағандары үшін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар