Қостанай облысында иелері тастап кеткен пәтерлерді заңсыз жекешелендіріп алуға байланысты 19 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында иелері тастап кеткен пәтерлерді заңсыз жекешелендіріп алуға байланысты 19 қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында иелері тастап кеткен пәтерлерді заңсыз жекешелендіріп алуға байланысты 19 қылмыстық іс қозғалды

2004-жыл басынан бері Қостанай облыстық прокуратурасы мемлекеттік тұрғын үй қорына қарасты пәтерлерді жалған құжаттар жасау арқылы жеке адамдардың иемденіп алуына қатысты 19 оқиғаны әшкереледі,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2004
  • 330
Фото - Caravan.kz

Қостанай облыстық прокурорының орынбасары Ыбырай Тілеуғалиевтің айтуынша, иелері тастап кеткен пәтерлерді сатып алу жөніндегі жалған құжаттар жасалып, Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық осындай пәтерлерді меншіктену құқығын тіркеп жіберген. «Осындай деректерді әшкерелеп, атқарушы билік органдарында 19 пәтерге қатысты мәліметтерді салыстыру арқылы біз жоғарыдағы әрекеттер қылмыстық жолмен заңсыз жүзеге асырылған деген тұжырым жасадық»,- деді Ы.Тілеуғалиев.

Аталмыш деректер бойынша облыстық прокуратура 6 қылмыстық іс қозғаса, 13 істің материалдары экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес басқармасына жіберілген.
Қазір прокуратура жергілікті атқарушы билік органдары мен жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтағы пәтерлерді сату және сатып алу жөніндегі келісім-шартына қатысты құжаттарды тексеруде.
Ресми мәлімет бойынша, 2004-жылдың 1-тамызында тек Қостанай қаласында иелері тастап кеткен 200-ден астам қараусыз пәтерлер тіркелген. Оларды иесіз деп тану үшін сот шешімі қажет. Сондай-ақ, прокуратура атқарушы биліктің аталмыш пәтерлерді есепке алу әрекеттерінің заңдылығын тексеруде.

Соңғы жаңалықтар