«Қостанай облысының жергілікті және республикалық деңгейдегі барлық жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта Сарыкөл ауданында 10 жолаушысы бар алты көлік қар тұтқынында қалып отыр. Жолды қардан тазарту үшін осы ауданға трактор жіберілді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Синоптиктердің хабарламасына сүйенсек, «аптаның басында және екінші жартысында қар жауып, боран соғып, ауа температурасы түнде 5-15 градус аяздан -3 — +2 аралығында, күндіз 0 — 5 градустан 2 -7 градусқа дейін жылы болады. Апта соңы суықтау болады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті