Бұл туралы Таранов ауданы Набережный ауыл аймағының әкімдігі хабарлады.
«Қаржыландыру тоқтатып тасталды. Жобаны жүзеге асыру қаражат тапшылығынан белгісіз уақытқа уақытша тоқтатылды. 2014 жыл ішінде құрылыс басталады деп ойламаймын», — дейді агенттікпен сұхбаттасушы.
"Tachi-Глобал-Агро" компаниясы биыл Таранов ауданы Елизаветинка ауылында жоба құны 1 млрд 162 млн 245 мың болатын құс фабрикасының құрылысын бастауды жоспарлаған болатын. Өндіріс қуаттылығы 1 млн құсты құрайды деп көзделген.