Қостанай облысында жалпы құны 850 млн теңгелік астық кешені пайдалануға беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жалпы құны 850 млн теңгелік астық кешені пайдалануға беріледі

Қостанай облысында жалпы құны 850 млн теңгелік астық кешені пайдалануға беріледі

«Макс» ЖШС биылғы қараша айында Қостанай облысының Қарасу ауданында салынып жатқан астық кешенін іске қосады.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 536
Фото - Caravan.kz

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабылданған астықты кептіріп, сақтайтын кешен құрылысының жалпы құны 850 млн теңге. Кешеннің Октябрь ауылында тұйықталған темір жол желісі де бар.

Құрылысқа жұмсалған қаражаттың 600 млн теңгесі кәсіпорынның өз қаржысы есебінен, қалғаны несие есебінен алынған.


Кешен жылына 50 мың тоннаға жуық астық қабылдай алады.