Қостанай облысында жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында жаппай улануға  қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысында жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысындағы мектеп асханасында адамдардың жаппай ұшыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұзынкөл ауылында оқушылар мен мұғалімдердің түскі астан кейін ауруханаға түсіп қалғанын бұған дейін хабарлаған едік.

  • 19 Қыркүйек 2014
  • 209
Фото - Caravan.kz


Ауруханаға 53 адам жеткізілген. Олардың алтауы ұстаз. Қалғандары 1-6 жас аралығындағы балалар мен бастауыш сынып оқушылары. Ал жағдайы ауыр делінген 11 бала облыстық ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Бүгін біразы үйлеріне де шығарылды. Эпидемиолог мамандар болса, оқыс оқиғаның себебін әлі анықтай алмай жатыр. Ал жергілікті прокурорлар мектеп асханасында санитарлық талап сақталмаған дейді. Тексерудің нақты қорытындысы 3-4 күннен кейін жария етілмек. Сол бойынша жазаға тартылатын жауапты азаматтардың да аты-жөндері белгілі болады.