Асфальт тегістейтін көлікті жөндеп жатқан жұмыскер сол көліктің астына түсіп қаза тапты.
Оқиғаға ТЖ туралы ақпарат таратқан жергілікті «Алау» телекомпаниясының қызметкері куә болды. Ақпаратты Қостанай облыстық ТЖд-нің баспасөз қызметінен де растады.
«15 маусым күні шамамен сағат 18-де Алматы-Екатеринбор күре жолының 478-ші шақырымында жол жөндеу жұмыстарын жасау кезінде жұмыскер қаза тапты. 1959 жылғы ер адам техниканы жөндеуге кіріскен, бірақ оның өздігінен жүріп кетуін болдырмау шараларын қолданбаған. Агрегат орнынан қозғалып, ер адамды басып кетті. Зардап шеккен ол көз жұмды», — деп атап өтіледі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқиға орнына шақыртылған полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізген кезде жол жабылды. Жұмыскердің денесі мәйітханаға жіберілген соң күре жолдағы қозғалыс ашылды. Полицейлер болған оқиғаның мән-жайларын анықтауын жалғастырып жатыр.