Қостанайда бұрын өздері жұмыс істеген фирманы тонаған қос тұрғын құрықталды.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан бірер күн бұрын белгісіз екі адам жеке меншік фирманың есігін бұзып кірген. Содан соң балта мен темір кесетін араның көмегімен сейфті кесіп, алып кеткен.
Кейін фирманың бұрынғы қызметкерлері, 24 пен 26 жастағы қос тұрғынның қатысы бары анықталды.
«Олардың бірі Атырауда қолға түсті, екіншісіне іздеу жарияланды», — дейді полицейлер.
Қазір сейф табылды. Онда 325 мың теңге қалыпты, қалған 4 млн теңгеден астам ақша қолды болды, делінген хабарламада.