Қостанай облысының оңтүстігінде ірі қара малдың қырылу себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының оңтүстігінде ірі қара малдың қырылу себебі анықталды

Қостанай облысының оңтүстігінде ірі қара малдың қырылу себебі анықталды

«Алтын дала» табиғи резерватына жақын жерде Қостанай облысының оңтүстігінде орын алған ірі қара малдың қырылу фактісінің

  • 5 Маусым 2015
  • 872
Фото - Caravan.kz


ақбөкеннің жаппай қырылуымен байланысы болуы мүмкін емес, деп санайды Қостанай облысы ветеринария басқармасының бастығы Берікжан Қайыпбай.

«Алдын ала деректер бойынша, жануарлардың қырылуы олардың созылмалы жұқпалы емес тыныс алу, ас қорыту инфекциясының асқынуы салдарынан орын алған», — деп хабарлады Б.Қайыпбай.
Малдарынан айырылған шаруашылық қожалықтарында жұмыс жүргізген ветеринарлық дәрігерлер мал жөнді күтіммен қаралмағанын, суық тиген кезінде уақтылы ем жасалмағанын айтып, ауру асқынып, пневмония, гастроэнтеритке айналған деп санайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жанкелді ауданының шаруашылық қожалықтарында жас ірі қара мал және жылқы малының өлім-жітімі тіркелді. Бұл ақбөкендердің жаппай қырылуына байланысты деген дәйекті мәліметтер әзірге жоқ. 
Зертханалық зерттеу екі жағдайда да жануарлардың құтырма вирусын жұқтырғанын анықтады.