Қостанай қаласы тұрғынының ваннасынан жылан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай қаласы тұрғынының ваннасынан жылан табылды

Қостанай қаласы тұрғынының ваннасынан жылан табылды

Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді,

  • 21 Қазан 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

20 қазанда “102” пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар келді. – Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді, – деді учаскелік Асқар Ментаев. Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға шығарды. Қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.



 

 

Соңғы жаңалықтар