Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кісі өлтіру қылмысы 25-мамырда болған. «Кешке жақын Мәуленов көшесіндегі № 4 үйде 13 жасар баланың өлі денесі табылған болатын. Пәтерден 5 миллион теңгеден астам ақша жоғалған. Пәтерге кіретін есік бұзылмаған, яғни бала пәтерге қылмыскерлерді өзі кіргізген»,- деп түсінірді облыстық соттағылар.
Тергеудің болжамдарына сүйенсек, «сол күні ауладағы балалар пәтерде ірі көлемде ақша сақталатындығы туралы біліп, тонамақ болған. Кәмелеттік жасқа толмаған тонаушылар сейфтің кілтінің қайда екендігін айтпағаны үшін баланы пышақтаған».
Мектеп оқушылары 11 және 9 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті