Қостанайда атыс салдарынан үш адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда атыс салдарынан үш адам жараланды

Қостанайда атыс салдарынан үш адам жараланды

ҚОСТАНАЙ. 26-наурыз. Kazakhstan Today. Қостанайда жаппай төбелес кезіндегі атыс салдарынан үш адам жараланды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

  • 26 Наурыз 2007
  • 438
Фото - Caravan.kz

«26-наурыз күні таңғы сағат 5 шамасында Шипин көшесінің бойындағы үйдің жанында бес жігіттің арасында жаңжал шыққан. Соның салдарынан үш адам белгісіз қарудан атылған оқтан жарақаттанды», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның жорамалына сенсек, жастар арасындағы кикілжің олар қаладағы бір түнгі клубта демалып отырған кезде тұтанған, бірақ олар қаланың солтүстік бөлігіндегі бір үйдің жанында «мәселенің басын ашуды» одан әрі жалғастырған.

Қазіргі жағдаймен тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушыларды толық анықтады. ҚР қылмыстық кодексінің қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық жөніндегі 257-ші бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Оқыс оқиға орнынан тәртіп сақшылары «ОСА» тапаншасын тапты. «Қазір оның иесі анықталып жатыр», деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті