Қостанайда диқандардың жанармайы қатып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда диқандардың жанармайы қатып қалды

Қостанайда диқандардың жанармайы қатып қалды

Жұт жеті ағайынды! Ала жаздайғы жаңбыр мен ерте келген қыстан егіндерін шауып үлгермеген қостанайлық диқандар енді қолда бар техникаларын жүргізе алмай дал. Өйткені суықта жанармай атаулы сіресіп қатып қалған.

  • 24 Қазан 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Шаруалар күн суытса да далада қалған өнімді түгел жинап алмаққа ниет еткенімен, аяқ асты опынып жатыр. Өйткені егін жинауға деп әкімдіктен берілген жанармай жазғы болып шықты. Температура 10 градустан төмендесе ешбір техника орнынан қозғала алмай қалады. Ал далада жатқан астықты жинап алмаса, енді бірер аптада түгел шіріп кетуі мүмкін.


Сайран Бұқанов, шаруа қожалығының басшысы:

-Қазір біз әбден абдырап отырмыз, өйткені  жиналған дәнді кептіруге өте көп жанармай кетуде. Оған қоса алқапта қалғандарын жинай алмай жатырмыз. Тағы да белшеден шығынға батып қарызға кіретін жағдайға жеттік. Берілген жанармай сапасыз.