Бұл туралы «Қостанай ЭнергоОрталығы» ЖШС-нен хабарлады.
Электр энергиясын таратудың орташа тарифі 9 пайызға өсті. Сөйтіп, электр қуатының электр қуатының 1 кВт/сағ бұрынғы 16 теңге 12 тиынның орнына 17 теңге 57 тиынға көтерілді. Жеке тұлғалар үшін тариф 7 пайызға қымбаттаған. Тұрғындар бұдан былай 1 киловат электр энергиясы үшін ҚҚС қоса есептегенде 15 теңге 37 тиын төлейді. Ал, заңды тұлғаларға арналған тариф 10,2 пайызға өсті. Бұдан былай заңды тұлғалар электр қуатының 1 кВт/сағ үшін 19 теңге 41 тиын төлемек.