Қостанайда итті мөшекке салып, балғамен ұрған үш адам тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда итті мөшекке салып, балғамен ұрған үш адам тұтқындалды

Қостанайда итті мөшекке салып, балғамен ұрған үш адам тұтқындалды

Қостанайда итті аяусыз өлтірді деген үш күдікті ұсталды.

  • 24 Тамыз 2021
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жайында Қостанай облысының полиция департаменті мәлімдеді. 

"Жануарларға қатыгездік" бабы бойынша тергеу басталды.

"Бұл қылмысты жасады деген күдікпен үш қостанайлық ұсталды. Олар 35 және 63 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда белгісіз біреулер мөшекке салынған итті балғамен ұрған. Қостанай тұрғыны өзінің инстаграм парақшасында бақылау камераларынан түсірілген видеоны жариялады. Кадрларда екі ер адамның итті мөшекке салып алып бара жатқанын көруге болады. 


Соңғы жаңалықтар