Қостанайда мешіт құрылысына Т200 млн-нан астам садақы жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда мешіт құрылысына Т200 млн-нан астам садақы жиналды

Қостанайда мешіт құрылысына Т200 млн-нан астам садақы жиналды

Корпоративтік «Біздің қала» («Наш город») қорының мәліметтерінше, Қостанайда мешіт құрылысы үшін оның есепшотына Т201 млн жанашырлық жәрдемақы, ал осы мақсатта ашылған Ұлттық банк есепшотына Т16 млн-нан астам қаржы түсіпті.

  • 13 Мамыр 2011
  • 487
Фото - Caravan.kz

Осы қаражатқа екі қабатты жаңа мешіт салынып жатыр. Оның ерлер залы 1000 адамға ал әйелдер залы 500 адамға есептелген. Одан басқа дәстүрлі діни рәсімдер өткізу үшін 450 адамдық зал салынған. Ғимарат пен құрылымдардың жалпы ауданы – 3987 шаршы метр, жер учаскесінің аумағы 1,5054 га.

Мешітке тапсырыс беруші – «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» РБ мен облыстық Марал ишан мешітінің бас имамы.