Қостанайда пара алды деп айыпталған судьялардың үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда пара алды деп айыпталған судьялардың үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалды

Қаржы полициясы Қостанай қалалық соты судьяларының жемқорлық қылмысына қатысты жаңа фактілердің бетін ашты.
           Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі хабарлағандай, 2-қыркүйекте соттың бұрынғы төрағасы Самалбек Мұхтаров пен судья Серік Қашқынбаевтың үстінен тағы екі қылмыстық іс қозғалған.
           Атап айтсақ, С.Мұхтаров азаматтық іс бойынша оң нәтиже шығарып беру үшін 130 мың теңге пара алуға әрекеттенді деген күдік келтіріліп отыр. Ал, С.Қашқынбаев осындай қызмет көрсету үшін 1 мың доллар алмақ болған көрінеді.
           Қазір олардың екеуі де ешқайда шықпау туралы қолхат негізінде босатылды.
           Баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың ақпан айында С.Мұхтаров пен С.Қашқынбаевтың үстінен пара алды деген күдік негізінде қылмыстық іс қозғалған болатын.

  • 9 Қыркүйек 2013
  • 337
Фото - Caravan.kz