Қостанайда қарулы тонау қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қарулы тонау қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды

Қостанайда қарулы тонау қылмысын жасаған күдіктілер ұсталды

Астана. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Ішкі істер органдарының криминалдық полиция қызметкерлері Қостанайда қарулы шабуыл жасаған үш күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығынан хабарлады.

  • 26 Қараша 2007
  • 522
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, күдіктілердің үшеуі де Қостанайдың тұрғындары. Олар «Одақ» ЖШС қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған.

Бұрын хабарлағанымыздай, 17-қарашаға қараған түні бетперде киген олар «Одақ» ЖШС ғимаратына алдап кіріп, шолақ аңшы мылтығымен қорқыта отырып, 20 және 22 жастағы екі күзетшіні соққыға жығып, байлап тастаған.

Шабуылшылар металл жәшіктен 1 млн 753 мың теңге көлемінде ақша, 1128 дана ұялы байланыстың абоненттік карточкаларын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған болатын. Жалпы шығының көлемі — 4 млн 694 мың 473 теңге.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті