Бөлімнің ақпаратына сәйкес, «Қайрақ автокөлік» шекаралық бөліміндегі шұғыл жұмыстар барысында шекарашылар жасағы көлік құралдарын тексеру кезінде Қазақстаннан Ресейге «Ауди» көлігімен бет алған ҚР азаматын ұстады. «Жеңіл көліктің жүксалғышындағы кілемшенің астынан шекарашылар 240 мың доллар көлеміндегі контрабандалық ақшаны тапты», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Контрабандалық ақша «Қайрақ» кеден бекетіне өткерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті