Жарияланды: 40

Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті

Қостанайдағы түзету мекемесінде жасырын түсірілген видео желіде тарап кетті. Ролик авторы оқиғаның 161/2 колониясында болғанын айтады. Видеода төрт адамның түзету мекемесінде тамақтанып отырғаны көрінеді. Камерада мол дастарқан жайылып, теледидар жұмыс істеп тұр. Бөлменің терезінде перде ілінген.

Мұнда Батыс Қазақстанның спорт басқармасының экс басшысы Мүсілім Оңдағанов жазасын өтеп жүр. Ол 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Видео авторының айтуынша, түзету мекемесінде қылмыстық топ басшыларына жеңілдіктер қарастырылған. Олар тіпті режимді де бұзады.

Қылмыстық-атқару жүйесінің жергілікті департаментінде бұл жағдайды растады. Қостанай колониясындағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін