«»Джентльмен клуб» атты ойын клубын 57 жастағы қостанайлық өзінің қаладағы жеке меншік сектордағы сарайында ұстаған. Үйде бірнеше ойын залы болған», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері үш мыңға жуық ойын фишкалары мен 40 мың теңгеден астам ақша тапты.
Қостанай облыстық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Маткеновтың айтуынша, » Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қалалық прокуратурамен бірлесіп, шұғыл ақпаратқа сәйкес заңсыз жұмыс істеп келген ойынхананы анықтау жөнінде шұғыл шара өткізді. Операция кезінде 30 наурызда 24 сағат 30 минутта ойынханада он шақты жігіт рулетка мен ойын автоматтарында ойнап отырған».
«Қазір заңсыз кәсіпкерлік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі мен деректің мән-жайы анықталуда. «Ойын бизнесі туралы» жаңа заң 2007 жылдың 1 сәуірінде күшіне енген. Соған сәйкес осындай орындардың жұмыс істеуіне тыйым салынған», — деді Қостанай прокуроры Арай Әлімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті