Қостанайдағы дәмханалардың бірі Американың газдалған сусындарына қарсы «санкция» енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдағы дәмханалардың бірі Американың газдалған сусындарына қарсы «санкция» енгізді

Қостанайдағы дәмханалардың бірі Американың газдалған сусындарына қарсы «санкция» енгізді

Қостанай қаласындағы үлкен дәмханалардың бірі Американың атышулы газдалған сусындарын сатудан бас тартты.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 648
Фото - Caravan.kz

«Біз америкалық «Coca-Cola» сусынын ас-мәзірінен алып тастадық. Сондай-ақ, аталған компанияның «Fanta», «Sprite», «7up» сынды сусындарын да сатпаймыз. Себебі, біз американдық өнім өндірушілерді қолдағымыз келмейді. Сондықтан, осындай шағын санкция енгізіп отырмыз», — дейді дәмхананың қожайыны болып табылатын «Автодом Motors KST» ЖШС маркетинг бөлімі өкілдері.

Айтуларынша, компания салауатты өмір салты мен жергілікті өндірушілерді қолдау саясатын ұстанады.

«Ғаламторда кока-коламен дәретхананы қалай жууға болатыны туралы бейнероликтер көптеп көрсетіліп жатады. Оның зияны болмаса пайдасы жоқ деп ойлаймыз», — дейді компания өкілі.


Клиенттер де дәмхананың бұл саясатына түсіністікпен қарайды. Алайда, компания Еуропаның тауарларынан бас тартпақ емес.