Қостанайлық оқушы «мектептегі жарылғыш зат» туралы жалған хабар берген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық оқушы «мектептегі жарылғыш зат» туралы жалған хабар берген

Қостанайлық оқушы «мектептегі жарылғыш зат» туралы жалған хабар берген

Қостанай қаласының №17 орта мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат фактісі бойынша

  • 1 Маусым 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

ҚР ҚК 273-бабына: «Террорлық акті туралы көрінеу жалған хабарлама тарату» сәйкес полиция қылмыстық іс қозғады.

Бүгін Қостанай қалалық ІІБ кезекші бөліміне №17 мектепке бомба қойылды деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты.
Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 80-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылған. Жедел тергеу шараларын жүргізгеннен кейін 9 сынып оқушысының емтихан өтпеуі үшін осындай әрекетке барғаны белгілі болды. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.


Қылмыстық іс қозғалған баптың санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.