Жарияланды: 30

Қостанайлық полицейлерді артық салмақтан арылтудың жолын ұсынды

Қостанайлық полицейлерді артық салмақтан арылтудың жолын ұсынды

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік кеңес органының өкілі, блогер Алдан Менкеев салауатты өмір салтын насихаттайтын жобасын таныстырды.

Алдан Менкеевтің сөзіне қарағанда, «Тікелей эфирдегі полиция стандарты» жобасы тәртіп сақшыларының жинақы дене бітімін қалыптастыруға, физикалық дайындығын шыңдауға септігін тигізеді. Қазір Қостанай облысы полиция департаменті басқармаларынан алты қызметкер іріктелді. Олар бір ай бойы ерекше әдіспен спорт залда шұғылданатын болады.

«Полиция қызметкерлерінің спорттық талапқа сай болуы маңызды. Шыны керек, олармен өзім бірге жаттығуды ойлап жүрдім. Әуелі «Динамо» спорт кешенінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығы бойынша сабақтарға қатысып, онда күрес тәсілдеріне көбірек көңіл бөлінетінін көрдім. Алайда, жақсы нәтиже үшін үшін бұл аздық етеді. Менің өзім тексерген арнайы әдістемем бар», - деп атап өтті ол. Бір ерекшелігі, спорт залдағы сабақтар тікелей эфирде жүргізеді, сондай-ақ фотосуреттер сабақ басталғанға дейін және одан кейін жарияланатын болады. «Полиция қызметкерлері жыл сайын арнайы полигонда оқу-жаттығу жиындарынан өтеді. Күзеттің кәсіби жарамдылығын бағалауда физикалық форма бірінші орында тұрады. Бүгінде полиция қызметкерлерінің дене шынықтыру түріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, ІІМ-де полиция стандарты әзірленіп, онда полицейдің сыртқы келбетіне қатаң талаптар қойылады. Блогердің бұл бастамасын қолдаймыз», - дейді арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының бастығы Ерлан Мусин.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін