Қостанайлық журналист Головкинге арнап ән шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық журналист Головкинге арнап ән шығарды

Қостанайлық журналист Головкинге арнап ән шығарды

Қостанайлық журналист Нұрлан Қисықов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге ән арнады.

  • 8 Сәуiр 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне «GGG» әнінің авторы мен орындаушысы айтып берді.

Бұл музыкалық туындының сөзін, әнін, тіпті клипін де Нұрлан өзі дайындаған. «Геннадий Головкин — ринг королі! Ол — еліміздің мақтанышы! Оның мамырдағы жекпе-жегі қарсаңында қолдау көрсету мақсатында маған ән жазу туралы ой келді. Кеше ғана клипті толық құрастырып, интернетке жүктедік», — дейді Нұрлан Қисықов. Журналистің бұдан басқа да спортшыларды қолдау тақырыбындағы туындылары бар екен. «Шамамен екі аптадай бұрын Дэвис Кубогында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық теннисшілерді қолдауға бағытталған тағы бір әнім шыққан. Головкинге ән арнау идеясы осыдан кейін келді», — дейді ол. Нұрланның айтуынша, Головкин туралы әнінен кейін оған көптеген қоңыраулар түсе бастаған. Ол өз әнін 8 сәуірдегі Головкиннің туған күніне арнағынын да айтып өтті. «Әнші немесе рэп айтушы боламын деп мүлдем ойламаппын. Бірақ күнде түсіп жатқан мұнша қоңыраудан кейін, болашақта өзімді музыка саласында сынап көрсем бе деген ой келіп жүр», — деп күледі ол.

 

Ұқсас тақырыптар:
 

Сауль Альварес: Головкин менен қорқады
«Канеломен» кездесу өтпеуі мүмкін — Сарапшы
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді
Соңғы жаңалықтар