ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы

Астана. 4 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құрмақшы. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Наурыз 2008
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстанда ең көп сұранысқа ие 30 интернет-ресурстан пул құруды ұсынамыз. Өйткені, интернет тұтынушыларының статистикасы олардың елімізде ең танымал бес-алтты сайтты ғана жиі қолданатынын көрсетіп отыр», — деді Қ. Есекеев.

«Қазақстандағы бұдан өзге сайттар қызығушылық тудырмайды», — деді ол.

«Біз осындай 30 интернет — ресурсты қалыптастыру үшін тиісті зерттеулер жүргізіп, Қазақстандағы тұтынушылар үшін ең қызғылықты интернет-ресурстарды анықтамақшымыз», -деді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, осындай 30 интернет-ресурстың 10-ы мемлекеттік, 20 — ы жеке меншік болмақ.

«Біз осындай сайттарды халық арасында ілгерілетуге тұрақты жұмыс істейтін боламыз», — деді Қ. Есекеев. Оның пікірінше, Қазақстандағы интернет-ресурстардың басым бөлігіне қатысты осындай жұмыстар жүргізу қазір «мәнсіз». «Егер ағымдағы статистикаға жүгінетін болсақ, Қазақстанда қазір күніне кем дегенде 1000 адам бас сұғатын 50 сайт қана бар. Ал біздің мақсат — осы 30 сайтты әрбір Қазақстандық тұтынушы үшін сұранысқа ие болдыру», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті